Хиджап кисе заманнан қалғаны ма...?
Хиджап кисе заманнан қалғаны ма...?

Хиджап кисе заманнан қалғаны ма...?

Ардақты елшіміз, екі әлем сардары Мұхаммедтің (саллалаһу алейһи уассаллам) : «Қиямет-қайым жақындағанда менің сүннетімді орындау - қолға шоқ ұстағанмен тең»,- деген хадисі біздің заманымызға айтылған болса керек?! Шынында, технологияның дамып, бұқаралық ақпарат құралдарынан ислам жайлы небір жағымсыз, жалған мәліметтер таралып жатқан қазіргі таңда құран мен сүннеттің кез келген бұйрығын орындау әлем мұсылмандарына қиынға соғып жатқанын көзіміз көріп, құлағымыз естуде.

Сондай шоқты қолына ұстап қана қоймай, оныменен өзін қоршаған ортасын жарытып жүрген Айша есімді қарындасымыз исламның барлық талаптарын орындай отырып, жүзден жүйрік мыңнан тұлпар болу мүмкін екендігін ісімен дәлелдеп, дүйім жұрттың аузына құм құйғандай.

Көптеген пайғамбарлардың ізін көрген, қасиетті Құранның бірнеше жерінде зікір етілген киелі мекен Мысыр елінде орналасқан, арабтың бетке тұтар қаймақтары оқитын «Салахаддин»  мектебін тамамдаған Айша, замандастарын баса озып, «2016 жылдың ең үздік оқушысы» атағын иемденді. Тек мектеп бағдарламасында оқытылатын пәндерден ғана емес, қарындасымыздың діни білімі де өте жоғарғы деңгейде ( Мемлекеттік дәрежеде өтілген «Араб тілі» олимпиадасының гранпри иегері, құран хафизы, араб калиграфиясының бірнеше бөлімін меңгерген т.б.) .

Иә, өмірін намаз оқып, хиджап киіп, Алланың әмірлеріне мойынсынумен өткізіп жатқан қазақтың бұл батыл қызының әр бір іс-әрекеті «жүрегім таза, намаз оқымасам да болады» немесе «хиджап кисем өмірдің көптеген қызықтарынан қалып қоямын» деуші әпкелеріне сабақ, өзінен кейінгі сіңілдеріне үлгі-өнеге болары сөзсіз.

Бақытжан АсқаровБақытжан Асқаров
8 лет назад 4671
1 комментарий
О блоге